Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше образдағы Динара Сәтжан елді өзіне қаратты (фото)

Опубликовано:

Динара Сәтжан
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан желіде жаңа образын көрсетіп, қалың көпшілікті тәнті етті. Оқырмандар ақпарат өкілінің сұлулығына тамсанып, оған жылы лебіздерін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан суретін Instagram парақшасында бөліскен. Онда тележүргізушінің дене сымбатын барынша айшықтап тұратын көйлекпен тұрғанын көруге болады.

Сонымен қатар, ол суреттің астына жазба қалдырып, адам көңіл-күйі тек қана өзіне байланысты екенін алға тартқан.

"Әр атқан таңда біз күніміздің қалай өтетінін өзіміз таңдаймыз. Позитивті ме, керісінше ме, күш-қуатқа толы боламыз ба әлде жылап өткіземіз бе, белсенді боламыз ба жоқ әлде көңіл-күйіміз түсіңкі бола ма - өзіміз шешеміз. Қандай бетперде кию керектігін де әркім өзі шешеді. Күліп жүрсеңіз де, мұңайып жүрсеңіз де өз еркіңіз. Ақылды болайық", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары ақпарат өкілінің мінсіз мүсіні мен даналығына тәнті болған.

"Не деген мүсін", "Динара күн сайын жасарып барасыз", "Мына көйлек бар мінсіз мүсініңізді көрсетіп тұр", "Осындай жасқа келіп осы қалыпты сақтап қалу - нағыз ерлік деп есептеймін", "Өте дұрыс айтылған", "Әрдайым ынталандырып жүресіз. Ризамын сізге", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943727-erekse-obrazdagy-dinara-satzan-eldi-ozine-qaratty-foto/

pixel