RU

Мәдина Сәдуақасова елге жаңа образын паш етті (фото)

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова қалың көпшілікті тағы да жаңа образымен таңғалдырды. Өнер иесі бұл жолы қандай кейіпте бой көрсеткенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Мәдина Сәдуақасова жасаған соңғы фотосессиясының нәтижесімен Instagram парақшасында бөліскен. Өнер иесі бұл жолы классикалық образды таңдаған. Суретте әншінің қара және ақ түсті киім киіп алғанын көруге болады.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының жаңа образына қатысты ғаламторда түрлі пікір білдірді. Бірі оның талғамына тәнті болса, енді бірі оны сынап тастаған.

"Кез келген киім жарасады", "Тек люстра кимеңізші", "Маған образ ұнаған жоқ", "Меніңше, бұл образ сізге қатты жарасып тұр. Нағыз классика", "Мадинка, өнер үшін жаралғансыз ғой! Әртіс жан-жақты, әртүрлі болғанда ғана көрерменге қызықты. Сіздерден біз өнер күтеміз! Сондықтан, жарқырап, жайнай беріңіз! Шығармашылық шабыт сарқылмасын", "Біздің Деми Мур", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943822-madina-saduaqasova-elge-zana-obrazyn-pas-etti-foto/