Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің жүрегім": Анасымен суретке түскен Айгүл Иманбаеваға ел сүйсінді (фото)

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева анасымен
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Айгүл Иманбаеаа желіде анасымен түскен суретін жариялады. Оқырмандар анасы мен қызына жылы лебіздерін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Иманбаева анасымен түскен суретімен Instagram парақшасында бөліскен. Фотода өнер иесінің анасын құшақтап тұрғанын көруге болады.

"Менің жүрегім ғой. Тәтем", - деген қысқаша жазба қалдырды әнші суреттің астына.

Желі қолданушылары анасы мен қызына тәнті болып, оларға ыстық ықыласын білдірген. Олар эстрада жұлдызының анасына ақ тілектерін жаудырды

"Анаңыз жүз жасасын. Әрдайым қасыңызда болсын", "Айгүл ханым қартайып қалыпты", "Анаңызды армансыз құшақтап алыңыз. Кейін ананың құшағын ештеңе алмастыра алмайды", "Анаң жүз жасасын Айгул! Сендей талантты қызды дүниеге әкелген анаңа мыңда бір рахмет", "Жүзге келсін анаңыз аман есен ғұмырлы болсын", "Анаңызға қатты ұқсайсыз. Мен де анама ұқсаймын. Анасы бар адамдар бақытты", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943852-menin-zuregim-anasymen-suretke-tusken-aigul-imanbaevaga-el-suisindi-foto/

pixel