RU

"Бұл ой маған тыныштық берер емес": Жәния Джуринская шетелге көшуді жоспарлап жүргенін айтты

Жәния Джуринская күйеуімен
Фото: Instagram/djurinskaya

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская болашақта өзге елге көшпек. Өнер иесі басқа жаққа қоныс аудару туралы ойы туралы әлеуметтік желіде бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жәния Джуринская шетелге көшу туралы ойын Instagram парақшасында ашық айтты. Киножұлдыз алдағы уақытта жолдасымен бірге басқа елге қоныс аударуды көздеп отыр. Олар тіпті бұл ойларын іске асыру үшін арнайы жоспар құрып қойған.

"Жақында Данияр екеуміз шетелге көшу туралы біраз сөйлесіп талқылаған болатынбыз. Өзге елдерді аралап өмір сүруге не жетсін? Барлығын аралап болған соң, өзімізге жайлы мемлекетте тұрсақ деген ой бар. Бұл уақытта бірден кәсібіміз еске түсті. Бизнес әрдайым бізбен қалу керек. Себебі, біз өзге елде жұмыс істегіміз келмейді. Ең ыңғайлысы, бизнесті толықтай онлайнға көшіріп тастау. Сол кезде әлемнің кез келген жерінен оны бақылап тұруға болады.
Арнайы сараптама жасап, өзге елде құртатын ақшаны Қазақстанда да жұмсап жатқанымызды түсіндік. Демек, өзеннің жағалауында өмір сүріп-ақ, тұрақты табысқа ие болуға болады. Бұл ой маған тыныштық берер емес. Біз арнайы жоспар құрып қойдық. Даниярдың кәсібін онлайнға ауыстыру кезеңдерін тізіп жазып шықтық. Ал менің бизнесім онлайнға көшіп кеткен", - деп жазды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943873-bul-oi-magan-tynystyq-berer-emes-zaniya-dzurinskaya-setelge-kosudi-zosparlap-zurgenin-aitty/