Қабатовтың қызына қатысты ҰБТ дауы: Білім орталығының басшысына жаза тағайындалды
Опубликовано:

22 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты Нұрбек Қанайға қатысты құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айыптау үкімінің мәтіні Нұр-Сұлтан қалалық сотының ресми сайтында жарияланған.
Үкім мәтініне сәйкес, сот "140+1" білім беру орталының басшысы Нұрбек Қанайды кінәлі деп танып, оған 1 жылға бас бостандығынан шеттету жазасы қолданылған.
"Белгілі болғандай, сотталушы елордадағы "140+1" білім беру орталығының басшысы болып жұмыс істейді.
Қылмыстық қудалау органы Нұрбек Қанайға құжаттарды қолдан жасады деген айып тақты.
2021 жылғы 12 тамызда ол оқушылар ҰБТ-дан жоғары балл алуы үшін және білім беру орталығының беделін арттыру мақсатында ұйымдастыру техникасын пайдалана отырып, ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға дайындықпен айналысатын басқа тұлғалардың фотосуреттерін тестілеуден өтіп жатқан 4 мектеп түлегінің жеке куәліктеріндегі фотосуреттеріне алмастырған.
Оның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, тәркіленген ұйымдастыру техникасымен, қолдан жасалған құжаттармен, жеке куәліктердегі фотосуреттерді ауыстыру туралы сот-техникалық сараптаманың қорытындыларымен дәлелденді. Оған қоса, Нұрбек Қанайдың өзі кінәсін мойындады", - делінген сот хабарламасында.
Нәтижесінде сот Қанайдың мінез-құлқына пробациялық бақылау орната отырып, оны 1 жылға бас бостандығынан шектеуге үкім шығарған. Үкім заңды үшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943898-qabatovtyn-qyzyna-qatysty-ubt-dauy-bilim-ortalygynyn-bassysyna-zaza-tagaiyndaldy/