RU

"Осыны 25 жасымда білмедім": Ләйлә Сұлтанқызы қыздарға өз кеңесін берді

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жаңа жазба жариялап, қыз-келіншектерге үндеу жасады. Ақпарат өкілі оларға әрдайым денсаулықты бірінші орынға қою керектігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы арулар қауымына пайдалы кеңес беріп, өзінің қателіктерін қайталамауға шақырды.

"Осыны 25 жасымда білмедім, айтпадыңдар ғой. Уақыт өте адам бойындағы кейбір құндылықтар, талаптар өзгере бастайды екен. Ең керегі - денсаулықтың маңыздылығы мен қадірі. Бұрын өзім де, құрбыларым да 5-10 теңгесі артылса косметика, әтір, әдемі көйлек, көрсеқызарлықпен болмайтын кәкір-шүкір алуға тырысатынбыз. Қазір байқаймын, дүкен аралауға шықсақ спорттық киімдер, кроссовки, денсаулыққа арналған түрлі дәрумендерді (БАД-тарды да) көбірек іздейміз.
“30 тістің қадірін қақсағанда білерсің, қызыл тілдің қадірін тоқтағанда білерсің” - дегендей 20, 25, 30, 35-тегі арулар денсаулықты бірінші орынға қойыңдар, киім де бояу да қашпайды екен, ақша болса. Денсаулық болмаса ақша да, көйлек те керек болмай қалады. Бастысы, сосын мен сияқты 45-ке таянғанда осындай пост жазып отырмайсыңдар", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943908-osyny-25-zasymda-bilmedim-laila-sultanqyzy-qyzdarga-oz-kenesin-berdi/