Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менсіз де араларың дұрыс емес": Жарқынай Ханайым күйеуімен ашық сахнаға түскен актрисадан сөз естіп қалғанын айтты

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Қазақстандық танымал әнші Жарқынай Ханайымның жеке өмірі ел арасында әлі де қызу талқылануда. Бұл жолы өнер иесі жолдасымен түсірілім барысында сүйіскен актрисаға қатысты пікір білдірді. Олардың қатысуымен болған сахнадан кейін әртіс оған хабарласып ренішін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жарқынай Ханайым жолдасы екеуінің қарым-қатынасы "Рауза" сериалының екініші маусымы басталмай жатып бұзыла бастағанын растады. Актриса тіпті бұл жобаға қайта түсуден бас тартқан.

Өнер иесі тіпті телехикаяның режиссеріне деген ренішін де білдірді. Бұл туралы ол "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

"Аталмыш сериалдың екінші маусымы түсірілер алдында мен негізі бас тартқанмын. Себебі, Айдар екеуміздің арамыз дұрыс болмай жүрді. Алайда, кейіннен продюсерлерге түсіністік танытып, келістім. Сценарийді оқып қарадым. Бірақ, Айдар мені болмаса да, қызымызды ойлап ашық сахналарға келіспейтін шығар деп ойладым. Бұл жеке менің ойым. Бұл қызғаныш емес. Мен өзіме деген құрметсіздік көрдім Қызғанышқа да шыдауға болады. Егер алдымнан өтіп, ескертіп жатса көз жұма салуға болады.

Екінші маусымда оның қасындағы актриса ауысты. Олар түскен сахнадан кейін менің құрбыларым да, ата-анам да біртүрлі болып қалды. Бұл жобада мен актриса ретінде де тапталдым. Режиссер мырза бұл сериалда сүйісу сахнасын көргісі келсе, неге Рауза мен Сакураны сүйістірмеді? Мен де сүйісіп беретін едім", - деп ағынан жарылды ол.

Сонымен қатар, Жарқынай жолдасымен бірге ашық сахнаға түскен аруға хабарласып, оған да өкпе-назын жеткізген. Алайда, нәтижесінде жас актрисадан сөз естіп қалған.

"Актриса қызға мен хабарласып, ренішімді айтып шықтым. Себебі, ол қызды мен жақсы білемін. Академияда бірге оқығанбыз. Өте тәрбиелі, өте сұлу, даусы мықты. Мен ол қызды талант ретінде жақсы көретінмін. Тәрбиесіне де көңілім толатын. Түсірілім алаңында сол қызбен ойнайды дегенде мен еш нәрсені күдіктенген жоқпын. Сүйісу сахнасы болса да, оншама көп сүйіседі деп ойлаған жоқпын. Барлық жерде норма бар. Мен ол қызға хабарластым, бір ауыз неге ескертепгенін сұрадым. Сол кезде ол маған "сендердің арақатынастарында бір жылдан бері проблема болып жатыр екен ғой. Айдар онсыз да сенімен ұрысып жүр. Мені неге кінәлап тұрсың?" деді. Мен ондайды күткен жоқпын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944030-mensiz-de-aralaryn-durys-emes-qoi-zarqynai-xanaiym-kuieuimen-asyq-saxnaga-tusken-aktrisadan-soz-estip-qalgan/

pixel