Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көз тимесін": Төреғалидің жары кенже баласын алғаш рет елге көрсетті (видео)

Опубликовано:

Толқын Тұрарбекқызы ұлымен
Видеодан кадр: Instagram/tolkynturarbekkyzy

Отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлінің келіншегі алғаш рет қалың көпшілікке кенжесін көрсетті. Толқын Тұрарбекқызы желіде перзентімен түскен видеосын жариялап, елді сүйсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің жары баласымен түскен бейнежазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Ол перзентінің бес айға толуына орай, оны барша оқырмандарына көрсетуді жөн көрген.

Желі қолданушылары анасы мен ұлына тамсана қарап, оларға ыстық қыласын білдірген.

"Көз тимесін. Үлкен азамат болып өссін", "Алла осындай екінші ұлды болу бақытын бізге де бұйыртсын! Үлкен азамат болып өссін", "Алла жар болсын. Балапандарыңыздың бақытына тоймай жүре беріңіз", "Бақытты болыңыздар. Балаңыз әкесі секілді үлкен азамат болсын", "Қандай тәтті балақай", "Үлкен, мейірімді, абыройлы жігіт болып өсе берсін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944038-koz-timesin-toregalidin-zary-kenze-balasyn-algas-ret-elge-korsetti-video/

pixel