Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Александр Градский қайтыс болды

Опубликовано:

Александр Градский
Александр Градский. Фото: kleo.ru

Ресейдің халық әртісі Алексендр Градский 72 жасында қайтыс болды. Әншінің қазасы туралы "Пятый канал" хабарлады.

Градский ауруханада қайтыс болған. Ол 26 қарашада инсульт алды деген күдікпен ауруханаға жеткізілген.

Әртіс үйінде бірден өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақыртқан. Емханаға бара жатқан жолда Градский есінен танып қалған.

Александр Градский - кеңестік және ресейлік әнші, ақын, сазгер.

Градский шығармашылығын өткен ғасырдың 60 жылдарында КСРО-дағы алғашқы рок топтың құрамында бастаған. Александр Борисовичке "Романс о влюбленных" (1974) фильмінің музыкасы айтарлықтай танымалдылық әкелді.

Billboard музыкалық журналы Градскийді әлемдік музыкаға өлшеусіз үлес қосқаны үшін "Жыл жұлдызы" (1974) деп жариялаған.

Кейінірек, Градский "Как молоды мы были" композициясын жазды, ол туынды әншінің визит картасы іспеттес болды.

Әртістің ондаған альбомы бар. Ол бірнеше рок-опералар мен балеттерді қойды. Сондай-ақ көптеген кеңестік және ресейлік кинокартиналардың композиторы атанды.

1999 жылы Александр Градский "Ресей Федерациясының Халық әртісі" атағын алды.

Айта кетсек, Градский кейінгі жылдары әйгілі "Голос" шоуына тәлімгер ретінде қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944278-ansi-aleksandr-gradskii-qaitys-boldy/

pixel