Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Танымай қалдым": Ләйлә Сұлтанқызы жас кезіндегі суретін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жас кезіндегі суретін жариялады. Бір қызығы, тележұлдыздың суретін көріп, кейбір оқырмандар оны тіптен танымай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы бұл фотосын Instagram парақшасында бөліскен. Суретте тележүргізушінің қазақ көйлекпен тұрғанын көруге болады. Оның айтуынша, бұл фото 1992-1993 жылдары Наурыз мерекесі кезінде жасалған.

"1992-93 жылдар-ау шамасы. Наурыз мерекесін енді-енді тойлап жүрген кезіміз. Есімде, Дишинкам екеуміз Шымкенттің зоопаркінде өтетін Наурызға қатты дайындалатынбыз. Мамам көже пісіреді, мен нөмір дайындаймын. Ән, би, өлең оқу дегендей. Уақыт деген зымырап өтіп барады", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Сұлтанқызының суретіне қатысты пікірлерін жаудырды.

"Түріңіз ұл сияқты болыпты", "Сардардың көшірмесі", "Қабақты қарамайсың ба?", "Ашулысыз ғой", "Бұл шынымен сіз бе?", "Ер адам көйлек киіп алған екен деп қалдым", "Ер адам деп қалдым", "Мүлдем өзіңізге ұқсамай тұрсыз", "Шынымен Ләйлә ма?", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944342-tanymai-qaldym-laila-sultanqyzy-zas-kezindegi-suretin-korsetti-foto/

pixel