"Небір кедергілерді бірге өткеріп келеміз": Айдарбекова жолдасына әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова жолдасымен
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуіне желіде жазба арнап, оған деген ерекше ықыласын білдірді. Ол келер жылы жолдасымен отау құрғанына 34 жыл болатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова 33 жыл бойы қол ұстасып келе жатқан жан жолдасына деген сезімін Instagram парақшасында жеткізген. Ол отбасылық өміріндегі барлық кедергілерді күйеуімен бірге еңсеріп келе жатқанын алға тартты.

Сонымен қатар, продюсер көпшілікке толыққанды отбасы болып, жұбымен бір жастықта қартаюын тіледі.

"1988-ші жылы отау құрған екенбіз. Алла бұйыртса келесі жылдың күзінде, 34 жыл. Небір кедергілер мен қуанышымызды Нұрекең екеуміз бірге өткеріп келеміз. Алла көп көрмесін! Баршаңызға Алла толыққанды отбасы болып, жұптарыңызбен бір жастықта абыроймен қартаюды жазсын",- деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944347-nebir-kedergilerdi-birge-otkerip-kelemiz-aidarbekova-zoldasyna-aserli-zazba-arnady/