Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұрсынбек бағы бар жігіт екен": Қазақы образдағы Мөлдір Мұқанова елді сүйсіндірді (фото)

Опубликовано:

Мөлдір Мұқанова
Фото: Instagram/moldir.mt

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары желіге жаңа образдағы суретін жария етті. Қазақтың ұлттық киімін паш еткен көпбалалы ана елдің ризашылығына бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Мұқанова су жаңа фотосымен Instagram парақшасында бөліскен. Онда өнер иесінің қазақы образда тұрғанын көруге болады.

Бұл жайт бірден желідегілердің назарына ілікті. Оқырмандар Мұқанованың ерекше образына тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірген.

Олар қанша заманауи қоғамда өмір сүрсе де, қазақылықты ұмытпай келе жатқан Тұрсынбектың жарына риза болды.

"Қандай жарасымды", "Қазақылықты ұран еткен батыр қыз", "Сізге бәрі жарасады", "Мөлдір қандай сұлусыз", "Тұрсынбек бағы бар жігіт екен. Сіздей жарды тапқан ол бақытты шығар", "Өте көріктісіз", "Қазақи образ өте жарасымды екен", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944364-tursynbek-bagy-bar-zigit-eken-qazaqy-obrazdagy-moldir-muqanova-eldi-tanti-etti-foto/

pixel