Ақбота Сейітмағамбет: Ешкімді өзгертуге, одан ары бағындыруға тырыспаңыз

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет желіде жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Қалың көпшілік оның сөздері кімге арналғанын біле алмай әлек болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет әсерлі жазбасын Instagram парақшасында бөлісті. Ол бұл өмірде ешкімді өзгертудің және өзіңе бағынышты етудің қажеті жоқ екенін алға тартады. Әртістің сөзінше, өмір өзі-ақ бәрін орнына қояды.

"Ешкімді өзгертуге, одан ары бағындыруға тырыспаңыз. Өмір өзі-ақ талай өзгертеді, сізді де, оны да, бізді де", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Ақботаның айтқанымен келісіп, оған өз қолдауын білдірді. Тағы бірі бұл жазбаның кімге арналғанын білгісі келді. Олар актрисаны сұрақтың астына алды.

"Дұрыс айтасыз. Расында да солай", "Өмір бәрін өзі реттейді. Бұл рас. Сізбен толықтай келісемін", "Өте дұрыс айтылған сөздер. Ақылдысыз", "Бұл жазба нақты біреуге арналып жазылғандай", "Ақбота бұл сөздерді кімге арнаған екен", "Әрқашан жүзіңізден күлкі кетпесін", "Бақытты болыңыз. Бәрі жақсы болады. Жаман ниеттілерден алшақ жүрсеңіз болғаны", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944401-aqbota-seiitmagambet-eskimdi-ozgertuge-odan-ary-bagyndyruga-tyryspanyz/