Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішім шыққанша түсінбедім": Аяғы ауыр Айым Сейтметова жүктілігі туралы айтты

Опубликовано:

Айым Сейтметова
Фото: Instagram/aiymsm

Жақында ғана аяғы ауыр екенін жария еткен отандық актриса Айым Сейтметова өз жүктлігі туралы айтып берді. Өнер иесі бақытқа толы бұл кезеңде асқан қиындықтарға тап болмағанын жеткізді. Алайда, іші шықпайынша жүктілігін түсінбей келгенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айым Сейтметова Instagram парақшасында жаңа фотосессиясымен бөлісіп, өз жүктілігіне қатысты тың мәліметтерді ақтарды. Желі жұлдызы өзге жүкті әйелдер секілді қатты қиналмағанын алға тартты. Бірақ, болашақ ана таңғы уақытта лоқсып, ұйқысы келе бергенін жеткізді.

"Қыздар біздің ағзамыз бір қызық дүние. Ішімде жаңа өмір дамып келе жатыр. Қуанышымда шек жоқ. Бала деген үлкен жылдамдықпен дамыса, біз аналар бұл үрдістің сәтті өтуі үшін барымызды береміз. Мен жүктілігім қалай өтеді екен деп көп ойлайтынмын. Бұл тұрғыда "жүктілік - ауру емес" деген пікірмен келісемін. Токсикоз, бел ауруы, көңіл-күйдің ауысуы мен ісіктерге қарамастан бұл нағыз бақытқа толы кезең.

Мен аяғым ауыр екенін ішім шыққанша түсінбей келдім. Содан кейін скринингке барғанымда қуанышымда шек болмады. Бұл деген нағыз құдайдың сыйы емес пе?! Өз жүктілігім жайлы айтатын болсам, асқан токсикоз менде болмады. Таңертен тамақ қабылдар алдында жүрегім айныды, басым ауырды және үнемі ұйқым келетін. Бұл кезеңді дәл осылай есте сақтап қаламын. Мені тек кофе құтқаратын.

Ісік болмады, көңіл-күйім де орнында болды. Түнде тамаққа деген жеріктігім де болмады. Шынымды айтсам, бәрі сол қалпынша қалды. Талғаттың бағы бар екен. Әзірге өзімді өте сергек әрі белсенді сезінудемін. Ары қарай да солай болады деп үміттенемін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944551-isim-syqqansa-tusinbedim-ayagy-auyr-aiym-seitmetova-zuktiligi-turaly-aitty/

pixel