Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяққа тұрмауыма хақым жоқ": Әуелбекова ұлының туған күнін ерекше атап өтті (видео)

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова желіде ұлы Салтайдың туған күнін қалай атап өткенін көрсетті. Өнер иесі өткен жылы белгілі бір себептерге байланысты баласының жеке мерекесін тойлай алмаған. Алайда, биыл әнші естен кетпес отырыс ұйымдастырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова тұңғышын туған күнімен құттықтап, Instagram парақшасында оған ақ тілегін жолдаған. Шоу-бизнес жұлдызы басына қандай сынақ түссе де, балалары үшін барын салатынын айтты.

"Құлыным - Салтай! Туған күнін жыл сайын атап өтеміз. Бірақ, былтыр мүмкіндігім болмады. Расымен сынақта болдым. Аллаға шүкір бәрі өтті, кетті! Аяғыма қайта тұрмауыма хақым жоқ, сендер үшін жанымды беремін!
Міне, бүгін қайта тік тұрып, сені қуантуға дайынмын! Мен сені қатты жақсы көремін! Туған күніңмен балам! Бұл кешті ерекше күттім. Көп дайындық болды. Мейрамхана, торт, сәндеу, видеотүсірілім, фото, қонақтар тізімі, сыйлықтар тағы да басқа", - деп жазды ол.

Өнер иесі ұлының туған күнін оңтүстік астанадағы мейрамханалардың бірінде атап өткен. Ол мерекелік кешке баласы қалаған аниматорларды шақырып, оған естен кетпес кеш ұйымдастырған. Салтайды жаңа жасымен оның барша достары құттықтап келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944565-ayagyma-turmauyma-xaqym-zoq-auelbekova-ulynyn-tugan-kunin-erekse-atap-otti-video/

pixel