Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегіне ота жасалды": Төреғали Төреәлінің әкесі ауруханаға түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі әкесімен
Фото: Instagram/toregalitoreali

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі Әлиханов ауруханаға түсіп қалды. Продюсердің денсаулығы сыр беріп, жүрегіне ота жасалған, деп хабарлайды Express Қазақстан.

Бұл туралы Төреғали Төреәлінің Instagram парақшасынан белгілі болды. Әнші әкесіне ауруханаға бара жатқанын хабарлап, оның жағдайы туралы ақпаратты бөлісті.

"Біз қазір әкемізге келе жатырмыз. Әкеміз ауруханада жатыр. Аяқ астынан жүрегіне операция жасалды. Ол кісіге еш нәрсе жеуге болмайды екен. Әкем бізді емес, ұлым Төренұрдың дауысын есту үшін үйге телефон шалады. Бізді кіргізе ме, кіргізбей ме, білмеймін. Жүрегіне ем болсын деп Төренұрды көлікке отырғызып алдық", — дейді әртіс.

Белгілі болғандай, бүгінде өнер иесінің әкесі дәрігерлердің бақылауында. Ақ халаттылар Төреәлі Әлихановтың жанына ешкімді жолатпай қойған.

Төреғали мен Толқын да емхана ішіне кіре алмай, әкелерімен тек сыртынан қал сұрасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944596-zuregine-ota-zasaldy-toregali-torealinin-akesi-auruxanaga-tusip-qaldy-video/

pixel