Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келінжан" хикаясының жұлдызы Дариға Бадықова ел алдында жолдасына сезімін білдірді

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова: instagram.com/dariga_badykova/

Белгілі актриса Дариға Бадықова "ҚызықLive" бағдарламасының эфирінде жолдасына тосынсый жасады. Ол өзінің сүйіктісіне телефон шалып, оған өз сезімін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көптің көңілінен шыққан "Келінжан" телехикаясының актрисалары - Дариға Бадықова, Нұргүл Мыңғатова мен Сара Амангелді бағдарламаға қатысып, телехикая жайында, өмірдегі және кинодағы қызықтары туралы, армандары мен ойлары туралы әңгіме өрбітті.

Одан бөлек, бағдарламаның дәстүрі бойынша онда қызықты ойындар ұйымдастырылды. Мәселен, бұл жолы актрисалар жақындарына қоңырау шалып, тосынсый жасаған. Дариға Бадықова жолдасына сезімін білдіріп, эмоциясын ашық білдіруге тырысқан.

"Дархан, сені бір құдай берді-ау. Бар ауыртпашылықты, жұмысымның қиындығын, менің түсініксіз жүйкемді көтеріп жүрген саған рахмет. Ұстасқан қолымыз ажырамасын, сені әрдайым жақсы көремін. Қолымнан келгенше құрметтеп, бірге болуға тырысамын. Тағдыр ажыратпасын", - деді ол.

Оның жолдасы да өз кезегінде, оған өзінің ықыласын танытып: "Мен де сені сүйем, сен үшін өлемін ғой", - деп әзілмен жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944793-kelinzan-xikayasynyn-zuldyzy-dariga-badyqova-el-aldynda-zoldasyna-sezimin-bildirdi/

pixel