Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық 14 жасар қыз Оңтүстік Корея жұртын тәнті етіп, миллион жеңіп алды

Опубликовано:

Ару
Фото: Диапазон

Ақтөбеде туып-өскен 14 жастағы Снежанна Ли International Super Queen Korea байқауында бақ сынады, деп хабарлайды Диапазон.

Сеулде өткен International Super Queen Korea байқауына әлемнің түкпір түкпірінен 1000 бала қатысты.

Қазақстанның намысын жергілікті аруымыз Снежанна Ли қорғады.

Ол финалға өткен жүз арудың қатарынан табылды.

Осылайша, Снежанна алтын кубок пен бір миллион вон (ред. шамамен 400 000 теңге) жеңіп алды. Сондай-ақ сән агенттігімен fashion-түсірілімдерге және дорамаларға (корей сериалдары) түсуге келісімшарт бекітті.

14 жасар Снежаннаның ата-анасы осыдан үш жыл бұрын Оңтүстік Кореяға жұмыс бабымен қоныс аударған

Қазір олар Инчхон қаласында тұрады, ал қыз бала сегізінші сыныпта оқиды.

Ол төрт тілді жетік біледі, ән айтады, би билейді.

Байқауда ару қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетіне тоқталды.

Сонымен қатар, Снежанна қазақ тілін жетік меңгеруіне әжесінің сүйіспеншілігі әсер еткенін жеткізді.

Қазақтың ұлттық көйлегіне, бірнеше тілде сөйлеуі мен "Қамажай" биіне тәнті болған әділ қазылар алқасы бірауыздан Снежаннаға дауыс берді.

"Байқау толығымен корей тілінде өтті. Снежаннаның өзін корей тілінде таныстырып, барлық сұраққа жауап беруі әділ қазыларды қатты таңғалдырды. Ол тілді екі жыл ішінде үйреніп алды, қазір еркін сөйлейді", - дейді жеңімпаздың анасы Гүлнұр Ахметова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944860-qazaqstandyq-14-zasar-qyz-ontustik-koreya-zurtyn-tanti-etip-million-zenip-aldy/

pixel