"Мінсіз ана емеспін": Байзақова ұлымен алғаш кездескен сәтін еске алып, туған күнімен құттықтады (видео)

Опубликовано:

Байзақова
Фото: instagram.com/bayzakova

Актриса Айжан Байзақова ұлын туған күнімен ерекше құттықтады. Ол перзентімен алғаш жүздескен сәтін өміріндегі ең жақсы кездесу деп атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байзақованың ұлы Алан үш жасқа толды. Осыған байланысты жас ана жақындарына арнап мереке ұйымдастырған.

Сондай-ақ, Байзақова өзінің Instagram парақшасында баласы өмірге келген соң өмірі түбегейлі өзгергенін айтты.

"Менің өмірім 2018 жылдың 1 желтоқсанында қатты өзгерді. 20 минутқа созылған алғашқы кездесу - бұл менің өмірімдегі ең жақсы кездесу болды. Алғашқы қадамы, алғашқы сөздері. Мен мұның бәрін өмірімнің соңына дейін есте сақтаймын, өйткені бұдан жақсы сәттер болуы мүмкін емес.

Мүмкін мен мінсіз ана емес шығармын, бірақ сен менің махаббатымды сезінуің үшін бар күшімді саламын. Сенің анаң ерекше, сен мұны білесің. Мен сенің ең жақын досың әрі сені не нәрсе болса да сөкпейтін адаммын", - деді Байзақова.

Сонымен қатар, блогер әлі күнге дейін кім екенін жасырып жүрген ұлының әкесіне алғыс айтты.

"Менің өмірімде пайда болып, ең жақсы сыйлық жасаған сенің әкеңе алғыс айтамын. Бізді бар болмысымызбен қабылдап, қандай жағдай болса да жақсы көретін әжең бар, осыны есте сақта, Алан.

Алан, сенің туған күніңде көптеген отшашу болды. Маған сен, бұл Тұңғыш Президент күнінің құрметіне емес, сен үшін. Сол себепті ұлым, ешкімді тыңдама, өмір енді басталып жатыр. Алда талай қызықтар бар, туған күніңмен", - деді Айжан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944878-minsiz-ana-emespin-baizaqova-ulymen-algas-kezdesken-satin-eske-alyp-tugan-kunimen-quttyqtady-video/