"Әкеңізді кешіргенсіз бе": Иманбаева жылдар бойы араласпаған әкесімен видео жариялап, елді сүйсінтті

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva/

Отандық актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева әкесімен түскен видеосын желідегі парақшасында жария етіп, елдің ыстық ықыласына бөленді. 5 жасында әкесі мен анасының жолы екі жаққа кеткендіктен, актриса осы уақытқа дейін ол кісімен араласа алмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгүл Иманбаева әкесімен бірге түскен видеоны оқырмандарына бөлісті. Видеода ол әкесіне еркелеп, оның асты-үстіне түсіп отырғанын көруге болады.

"Әке қалайсыз? Астана қалай? Концерт ұнады ма? Арқа-жарқа болып, папам келіп, еркелеп отырмыз екеуіміз" - деді актриса.

Еске салсақ, Иманбаева бұған дейінгі сұхбаттарында кішкентай күнінде әкесі мен анасы ажырасып кеткендіктен, жүрегінде ол кісіге деген өкпе-реніші болғанын және оны кешіре алмағанын ашық айтқан болатын. Алайда қазіргі таңда бар өкпе-ызаны ысырып қойып, оны кешірген.

Айгүл Иманбаеваның әкесі де "Ең алғашқы" деп аталатын бағдарламаға берген сұхбатында балаларымен қарым-қатынасы туралы сыр шерткен болатын.

"Айгүлдің шешесімен 11 жыл отастық, екі қыз, бір ұлым бар. Дәм-тұзымыз жараспады. Айгүл 5 жасында кетті. Кішкене жүздетіп келемін ылғи. Келемін де қыздарымды көргім келеді. Ал олар менен қашады" , - деген еді Айгүлдің әкесі Серікқұл Иманбаев.

Желідегі видео актрисаның оқырмандарын да бей-жай қалдырмады. Олар ұзақ жылдан кейін табысқан қызы мен әкесіне сүйсініп, тілектерін жаудырды.

"Әкеңізбен татуласқаныңыз үшін қуаныштымын", "Копия әкесі, жаным отбасың аман болсын!", "Айгүл, көпке үлгісің. Әке-шешені барында бағалап, құрметтеу керек!", "Жарайсың Айгүл! Ақылдысың", "Әкеңді кешіргенсің бе? Дұрыс болған", "Әкеңізбен табысқаныңыз жақсы болыпты", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944885-akenizdi-kesirgensiz-be-aigul-imanbaeva-zyldar-boiy-aralaspagan-akesimen-video-zariyalap-eldi-suisintti/