"Өте қиын жағдай болды": Отырыста бір-бірінің ернінен сүйген актер жігіттер оқиға қалай болғанын айтты

Опубликовано:

Әбілмансұр Серіков пен Шерхан Пірназар
Әбілмансұр Серіков пен Шерхан Пірназар. Фото: YouTube/Nurmakhan Mukanuly

Бұдан біраз уақыт бұрын отырыстардың бірінде отандық актерлер Шерхан Пірназар мен Әбілмансұр Серіковтің бір-бірінің ернінен сүйіп алған видеосы желіде тарап кеткен болатын. Бұл видео халықтың наразылығына тап болып, ел арасында кеңінен талқыланған еді. Отбасылы, балалы-шағалы жігіттер неліктен мұндай әрекетке барғанын Нұрмахан Мақанұлының YouTube каналына берген сұхбатында түсіндіріп берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әбілмансұр Серіковтің айтуынша, бұл оқиға Ақбота Сейітмағамбеттің туған күнінде орын алған. Олар ойын ойнау кезінде бір-бірінің бетінен сүйемін деп, байқаусызда ернінен сүйіп алған.

"Арам ой жоқ. Шерханның да өз отбасы, менің де отбасым бар. Ақботаның (Сейітмағамбет - ред.) туған күнінде болған оқиға. Билеп, бір-бірімізге қолдау білдіріп жүргенбіз ғой. Оның алдында отырыста ойын ойнаған кезде Шерхан биледі. Сол кезде біздің үстел ғой деп, бәріміз ақша шығарып, әзілдеп бетінен сүйіп, құшақтағанмын. Дәл сол кезде Шерхан келді де, бетімнен сүймек болды. Мен байқаусызда бұрылып, қалып, ерніме тиіп кетті. Сол сәт Tik-Tok-қа түсіп қалған. Сомен дау-дамай болып, видео тарап кетті", - деп түсіндірді актер Әбілмансұр Серіков.

Шерхан Пірназардың айтуынша, желіде тараған видеодан соң оған ұсыныс айтып, жазған ер адамдар да көбейген.

"Кәдімгідей ойланып қалады екенсің. Түрлі адамдар жаза бастады. "Сен де сондайсың ба? Қашаннан бері" деп сұрақтың астына алды. Көрмеген нәрсе туралы қалай айтады? Бізде біреу даттап шықса, бүкіл халық соны даттап шығады. Ал мақтап шықса, барлығы сол кісіні мақтай бастайды. Соның құрбаны болдық. Құдай сақтасын", - дейді актер.

Ыңғайсыз жағдайға қалған қос актер аталған жайт адамға оларға қатты әсер еткенін жасырмады.

"Бұл өте жаман жағдай ғой. Бала-шағаң бар. Көп даттың астында қаласың, қарғыстың астында қаласың. Қазақтың жігіттері осындай деп жазып жатады елдер. Адамға жаман әсер етеді. Көзбен көрмегеннен кейін, аяқ асты видеоға түсіп қалған соң, шынымен де өте қиын екен", - деп өз ойымен бөлісті Әбілмансұр Серіков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944912-ote-qiyn-zagdai-boldy-otyrysta-bir-birinin-erninen-suigen-akter-zigitter-oqiga-qalai-bolganyn-aitty/