Ерке Есмахан өзін туған күнімен құттықтай келген Amre-ге алғысын жаудырды (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Ерке Есмахан әріптесі, Burkit есімімен танылған Ернар Садырбаевпен түскен видеосын желіге жүктеп, әлеуметтік желідегі оқырмандарын қызықтырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әнші Instagram желісіндегі Stories-те көпшілікке Amre лақап атымен танылған Ернар Садырбаевпен бірге мейрамханада отырған видеосын жариялады.

"Ернар, Әмре, Бүркіт туған күніммен құттықтап келіп қалды. Оған өзім шай құйып беріп отырмын. Ас болсын. Мені мейрамханаға әкеліп, қарнымды тойдырып, осындай күнді менімен бөлісіп жатқаныңа рақмет. Күшті отырмыз, иә?", - дейді Ерке Есмахан.

Айта кетсек, Ерке Есмахан бұған дейін Ninety one тобының бұрынғы солисі 27 жастағы Азамат Зенкаевпен (AZ) көңіл жарастырған еді. Алайда жұлдыздардың қарым-қатынасы ұзаққа созылмаған сыңайлы. Себебі Ерке жуырда сүйіктісімен айырылысқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1944936-osyndai-kundi-menimen-bolisip-zatqanyna-raxmet-erke-esmaxan-ariptesi-amre-men-kozge-tusti-video/