Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Той жағалап жүрмес еді": Мақпал Жүнісова әншілерді "бай" деп санайтындарға назын айтты

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: Видеодан кадр

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Алматы телеарнасындағы Таңғы STUDIO бағдарламасы әншілерді бай санайтын елге назын айтты.

Халық әртісінің айтуынша, әншілердің ақшасы көп болса, той жағалап жүрмес еді.

"Елдің бәрі бізді "ақшасы көп, бай" деп ойлап жатады. Бірақ бай болсақ, тойға шығамыз ба? Кейбіреулер "Қанша тұрасыз?" деп хабарласып жатады...
Мен өзім үйде әйел мен еркектің жұмысын бірге атқарамын. Ағайын-туыс, достар, бәрі менің мойнымда. Тойға барып келгеннен кейін тапқанымды бәрі келіп талап алып кетеді. Одан кейін менің қайтадан тойға шығуыма тура келеді", – дейді Мақпал Жүнісова.  

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақ ән өнерінің майталманы саналатын Мақпал Жүнісова марқұм жары Заманбек Нұрқаділовті еске алып, оның өзіне деген ыстық ықыласы туралы баяндап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1945047-toi-zagalap-zurmes-edi-maqpal-zunisova-ansilerdi-bai-dep-sanaityndarga-nazyn-aitty/

pixel