Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаратқан саған мінсіз тән сұлулығын берген": Тамара Асар Ерке Есмаханға әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Ерке Есмахан. Фото
Ерке Есмахан. Фото: instagram/erke_esmahan

Тамара Асар әріптесі Ерке Есмаханға арнап желіде жазба қалдырды. Ол Еркенің мықтылығы мен сұлулығын сөз етіп, мақтауын асырды. Аталған жазбаны ол әншінің туған күніне арнап қалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тамара Асар Еркені "тал бойында бір мін жоқ" деп сипаттаған.

"Тал бойында бір мін жоқ” дегендей, жаратқан саған мінсіз қылып тәннің сұлулығын, өнермен өрнектеп, әнмен әуелетіп берген. Оған қоса ақылды жай бермеген, назды, қылықты қылып берген. "Қыздың назы қырық кісіні мас қылады" дегендей сенің назыңа, сазыңа миллиондар ғашық, миллиондар оған мас. Мен де ғашықпын, мен де жақсы көрем.

Сен тек сұлу емессің, сен ақылды сұлусың. Өмірдің сан түрлі арпалыс қилы кезеңдерін әзілмен пәлсапалап, көздің жасын жымиюмен жинай білетін мықты қыз екеніңді біреу білсе, біреу білмес. "Қыз қырық шырақты", шырағың сөнбесін, жарқырай бер, жайнай бер!

Жүрегіңнің түбіне терең бойлайтын жақсы қазақтың ержігіті сенің қадіріңді түсініп, құрметіне бөлеп, сені аяулы жар етсін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1945076-zaratqan-sagan-minsiz-tan-sululygyn-bergen-tamara-asar-erke-esmaxanga-aserli-zazba-arnady/

pixel