Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Сая Оразғалиева екінші сәбиін дүниеге әкелді

Опубликовано:

Сая Оразғалиева
Фото: Instagram/saya_orazgaliyeva

Отандық танымал актриса Сая Оразғалиева сәбилі болды. Ол 3 желтоқсан күні ұл баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Ол қалың көпшілікке ұлды болғанын хабарлап, сүйінші сұрады.

"03.12.21 күні сағат 21:56-да біздің ұлымыз дүниеге келді. Салмағы 3140 г, бойы 52 см. Сүйіктім, жанымда болғаныңа рахмет. Бұл құнсыз қолдау! Саған сыйым - сенің көшірмең! Мен сені сүйемін. Радмир, сенің інің жақында үйде болады. Енді екеуің қос қанатымсыңдар", - деп жазды ол.

Актрисаның сөзінше, күйеуі күні бойы жанында болып, оған барынша қолдау көрсеткен. Киножұлдыздың жолдасы тек босанар сәтте сыртқа шығып кеткен. Қазіргі уақытта ананың да, баланың да жағдайы жақсы.

Айта кетерлігі, бұл - Сая Орзағалиеваның екінші некесі. Алғашқы отбасынан актрисаның бір ұлы өсіп келеді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1945400-aktrisa-saya-orazgalieva-ekinsi-sabiin-duniege-akeldi/

pixel