"Ең үлкені 73 жаста": Павлодардағы айтыста жетпістен асқан қариялар мен 18-дегі жастар жарысты

Опубликовано:

Ақындар айтысы
Ақындар айтысы: nur.kz

Павлодарда өткен ақындар айтысының биылғы ерекшелігі көпшіліктің есінде қалды. Айтысқа қатысқан ең жас ақын жақында 18-ге толса, ең үлкен ақынның жасы 73-тен асып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақындар айтысы 3-4 желтоқсан күндері өтті. Айтысқа жалпы есебі отызға жуық ақын қатысқан.

Олардың ішінде 72, 73 жастағы қариялар да бар. Атап айтар болсақ, жергілікті ақын Шолпан Байғалы 73 жаста.

Ал одан бір жас кіші, 72 жастағы Бейсембі Мұқажанов та қарттығына қарамастан, жастармен бірге жарысқа түскен.

"Аты облыстық болғанымен, деңгейі республикалық, халықаралық айтысқа тең болды. Жергілікті жұртшылықтың айтысқа сусындап қалғанын да көріп отырмыз. Талай тектілердің кіндігін кескен, бесігін тербеткен киелі мекеннің көрермендерінің ықыласына, адал көңіліне де риза болдым. Ақындардың деңгейі де өте жоғары. Қай-қайсысы болса да үлкен аламанға шығаруға лайықты", - деді қазылар алқасының төрағасы Ғалым Жайлыбай.

Айтыс қорытындысы бойынша, Аспанбек Шұғатаев жеңіске жетті. Оған ұйымдастырушылар 2 миллион теңге табыстады.

Бірінші орынға тағайындалған 1 млн теңге Абзал Қабдраштың еншісінде. Екі ІІ-ші орынды Қуанышбек Шарманов пен Рауан Қайдаров үлестіріп алды.

Жетпістен асқан ардагер ақындарға ұйымдастырушылар арнайы медаль табыстады. .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1945431-en-ulkeni-73-zasta-pavlodardagy-aitysta-zetpisten-asqan-qariyalar-men-18-degi-zastar-zarysty/