Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Мейіржан Төребаев туған күнін Меккеде өткізді (видео)

Опубликовано:

Мейіржан Төребаев әйелімен
Фото: Instagram/meirzhach_tv

Отандық танымал блогерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева қажылық сапарына аттанды. Көпбалалы жұлдызды жұп Меккеге өздерімен бірге тұңғыш ұлы мен Мейіржанның анасын ертіп апарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерлі-зайыптының қасиетті мекенге аттанғаны туралы олардың Instagram парақшаларынан белгілі болды. Блогерлер Меккедегі видеолары мен суреттерін жариялап, елмен бөлісті.

Айта кетерлігі, Мейіржан Төребаевтың бұл сапары туған күнімен тұспа-тұс келіп қалған.

"Наима, Райымжан, Әмре мен Жантөре өскен соң, олармен бірге де умраға келемін деп үміттенемін. Меккенің энергетикасына бойлағанымыз соншалық, өз туған күнімді ұмытып кеттім. Дана бүгін менің жанымда және бұл ең үлкен сыйлық", - деп әсерімен бөлісті Төребаев. 

Желі қолданушылары блогерге тәнті болып, оны туған күнімен жарыса құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1945476-bloger-meiirzan-torebaev-tugan-kunin-mekkede-otkizdi-video/

pixel