Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Артында ұрпағы қалмады": Меруерт Түсіпбаева марқұм бауырын есіне алды

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Қазақстадық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева марқұм бауырын есіне алып, желіде жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында бауырының қандай адам болғанын жазып, оған деген сағынышын жеткізді.

"Бүгін аман болса, жанымның бір бөлшегі, Біржан бауырым 39 жасқа толар еді. 23 жасында қыршыннан қиылды. Артында ұрпағы қалмады. Содан бері 15 жыл 15 күндей зымырап өтіпті. Кейде мен оның есейген шағын елестеткім келеді.  Казір тірі болса, келіншегі, балалары қандай болар еді деп ойлаймын. Өлетін адам ерекше болады дейді ғой. Ол - аңқау, ашық, жайдары, ертеңгі күнін ойламайтын асқан жомарт жігіт болатын. Естуімше, қарызды беріп тастап, оны қайтаруды ойламайтын", – деп жазды әнші.

Өнер иесі артынан ерген інілеріне қамқор болғанын айта келе, марқұм інісінің мінезі жайлы сөз етті. 

"Мен, соңымнан ерген 3 ініме де қамқор бола білдім. Оқуларын төлеп, жұмысқа тұрғызып дегендей. Өз басым, қарыз алып қайтармайтын адамдарды жек көргендіктен, бір күні Біржанға ұрсып, жалақы картасын тартып алдым. Аңғалсың, ертең отбасыңды қалай асырайсың дегенімд “картамды жұбайыма беріп қоямын” дегені есімде. Уақыт емші дегенмен оның жазалмайтын жаралары болады-ау. Иманды бол, бауырым", – дейді Меруерт ханым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1945508-artynda-urpagy-qalmady-meruert-tusipbaeva-marqum-bauyryn-esine-aldy/

pixel