Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегін мазалаған арпалыс көңілін босатты ма": Қайрат Нұртастың анасы оның сахнада жылап қалғанына пікір білдірді

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/kair_n

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың сахнада жылап қалғанына қатысты пікір білдірді. Ол баласының көз жасына не себеп болғаны жайлы халық не ойлайтынын білгісі келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында жұлдызды ұлының өнер көрсетіп жатқан сәтінен видео жариялады. Онда Қайрат Нұртастың көз жасына ерік бергенін көруге болады.

Бұл тұрғыда белгілі продюсер перзентінің халық алдында жылап қалуына не себеп болғанын түсіндіруге тырысты. Ол бұл жайында желі қолданушылары не ойлайтынын білмек болып, оларға бірнеше нұсқаларды келтірді.

"Қайратымның көз жасы не үшін екенін кім түсінді? 1)Халқының өзіне деген махаббаты? 2) Жүрегін мазалаған арпалыс көңілін босатты ма? 3)Өзіне белгісіз тылсым сезім? Ал мені, дәл қазір көріп отырып, баламның бір ауыз “Бәріңіз жарықты қосыңыздаршы” деген сөзіне түгелдей жылулық танытып, түгелдей ұялы телефондарының бірден жарығын қосқан халықтың махаббаты жылатты. Сіздердей жүрегі мейірімге толы халқы бар, балам не деген бақытты еді, Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1945617-zuregin-mazalagan-arpalys-konilin-bosatty-ma-qairat-nurtastyn-anasy-onyn-saxnada-zylap-qalganyna-pikir-bildirdi/

pixel