Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі ота жасалды": Отандық жас әншіні Алматыда пышақтап кетті (фото)

Опубликовано:

Мұхамбет Нығметияров
Фото: Instagram/tachi.n.m

Қалың көпшілікке "Tachi" лақап атымен танылған отандық әнші Мұхамбет Нығметияровты бұзақылар үш жерінен пышақтап кеткен. Жас өнерпаз ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Мұхамбет Нығметияровтың өзі Instagram парақшасында айтып берген. Өнер иесі өзін желіден жоғалтып алған жанкүйерлерімен байланысқа шығып, басынан өткен ауыр жағдаймен бөлісті.

Белгілі болғандай, ол жігіттермен сөзге келіп қалып, үш жерінен пышақ жарақатын алған. Жас әншіге екі ота жасалған.

"Мына келіп жеткен 25 жас өте ауырлау болды. Көбі білмейтін, 2 аптаның үстінде болған жағдаймен бөліскелі отырмын. 12 қарашаның 13-іне қараған түнінде жігіттермен ерегесіп, сол жігіттің бірі мені үш жерден денемді пышақтаған болатын. Ауыр хәлде ауруханаға түстім. Бірден операцияға алып кетті, содан 3-4 сағатка созылды. Сосын мені палатаға ауыстырып, келесі түні тағыда операцияға алып кетті. Алла сақтап аман қалдым. Қазір жағдайым шүкір жақсы. Лебіз, тілектеріңізге көп рахмет", - деп жазды ол.

Оған қоса, Мұхамбет ауруханадағы суреттерімен де жариялап қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1945646-eki-ota-zasaldy-otandyq-zas-ansini-almatyda-pysaqtap-ketti-foto/

pixel