Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізді тежеуші адам - өзіміз": Аша Матай көпшілікке үндеу жасады

Опубликовано:

Аша Матай
Фото: Instagram/asha_matai

Отандық танымал әнші әрі актриса Аша Матай желіде жазба жариялап, өз оқырмандарына пайдалы кеңес берді. Өнер иесі көпшілікке өзін барынша бағалай білу керектігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аша Матай өз ой-толғауымен Instagram парақшасында бөлісті. Ол желідегі оқырмандарына мотивация беріп, өзін құрметтеуге шақырды.

"Әр адамның бір қайталанбас ерекшелігі болады. Басқалардан өзгеше етіп тұратын бір қылығы, күлкісі, жүрісі, тұрысы, тіпті ол көзі, қиылған қасы қолаң шашы болса да. Оны тек байқай білу керек. Айнаға өзіңе көңілің  толмай қарауды емес, махаббатпен қарауды үйрену керек. Кемшіл тұстарыңды емес, тек ерекшелігіңді көре білсең, өзіңе деген құрметің артады. Жаңа бастамаларды бастаған кезде де сеніммен аяқ басасың. Бізді тежеуші де, алға жетелеуші адам да өзіміз! Есіңде болсын сен ерекшесің және сендей адам бұл әлемде біреу ғана! Сіздерге бір мотивация болсын деген ниетпен жаздым", - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1945662-bizdi-tezeusi-adam-ozimiz-asa-matai-kopsilikke-undeu-zasady/

pixel