Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияға аттанған Ерке Есмахан бриллиант сақинасымен мақтанды (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан туған күнінен кейін Түркияға аттанды. Ол жерде өнер иесін ерекше тосын сый күтіп тұрды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызының Стамбулға келгені туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды. Ерке алдымен жиһаз дүкеніне барған. Алайда, әншіге ештеңе ұнамаған.

Түркияда эстрада жұлдызы танымал қазақстандық айтыскер ақынмен кездескен. Ол өз кезегінде Ерке Есмаханға туған күніне орай ерекше тосын сый дайындап қойған. Айтыскер оған аса бағалы сақинаны тарту еткен.

Instagram парақшада жарияланған видеода ақынның қонағына сыйлықты беріп жатқаны көрініс тапты. Ерке Есмахан сақинаны ала салып, "мен иә дедім" деп қалжыңдады.

Әнші бриллианты бар сақинасын көрсетіп, өз алғысын білдірді.

Желі қолданушылары туған күн иесіне ақ тілектерін жаудырды.

"Күшті", "Қандай бақыттысың, Ерке", "Жігітің ұсыныс жасады ма деп қалдық. Айырылысып кетіпсіңдер ғой", "Пранк деп қалдым", "Бақытқа лайықсың", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1945681-turkiyaga-attangan-erke-esmaxan-brilliant-saqinasymen-maqtandy-video/

pixel