"Мұрнымның пішіні ұнамайды": Жарқынай Ханайым пластикалық отаға жүгінбек

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым алдағы уақытта пластикалық хирургтың көмегіне жүгінбек. Мұрнының пішініне көңілі толмайтын өнер иесі алдағы уақытта оны өзгерту үшін ота жасататынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жарқынай Ханайым пластикалық отаға жүгінуге ниетті екенін "Ревю" бағдарламасында айтты. Әнші операцияны желтоқсан айының ортасына белгілеп қойған.

"Кішкентай кезімнен мұрнымның пішіні ұнамайтын. Енді бізде қазақша мұрын ғой. Актриса болғандықтан, мен оның бәрін камерадан көремін және де барлығы жақсы. Бірақ мұрным бәрібір де ұнамайды. Жақында берген сұөбатымның астына да жазып кетіпті. Мұрныңды өзгертуің керек деп жазған. Сосын бір кісі инстаграмға жазыпты. Өзім ойлап жүрмін енді сол мұрын туралы", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1945882-murnymnyn-pisini-unamaidy-zarqynai-xanaiym-plastikalyq-otaga-zuginbek/