"Берлиннен сәлем": Мәдина Сәдуақасова Германияда қалай демалып жатыр (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мәдина Сәдуақасова бүгінде Германияда демалуда. Өнер иесі қалың көпшілікке Еуропадағы саяхаты қалай өтіп жатқанын әлеуметтік желі арқылы көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мәдина Сәдуақасованың Берлин қаласына аттанғаны туралы Instagram парақшасынан белгілі болды. Шоу-бизнес жұлдызы шетелдегі суреттері мен видеоларын жариялап, ел назарына ұсынған.

Видеодан өнер иесінің Германияның әсем жерлерін аралап жүргенін байқауға болады. Бұл елге алғаш рет келген әнші демалысы өте жақсы өтіп жатқанын айтты.

"Германияның жүрегі - Берлиннен сәлем баршаңызға! Германияға бірінші келуім! Қыдырып жүріп белгілі театрларды, Рейхстах, BMW, Mercedes Benz - бәрін, бәрін көріп жатырмын. Керемет", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Сәдуақасоваға жақсы демалыс тілеп, оның елге аман-есен оралуын сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946083-berlinnen-salem-madina-saduaqasova-germaniyada-qalai-demalyp-zatyr-foto/