Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш кездесуден кейін ұсыныс жасады": Сабина Алтынбекова алғаш рет күйеуімен қалай танысқанын айтты

Опубликовано:

Сабина Алтынбекова жолдасымен
Фото: Instagram/sayat_salman

Отандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова алғаш рет жеке өмірі жайлы сыр шертіп, жолдасы екеуінің махаббат хикаясы қалай басталғанын айтып берді. Спортшы арудың жүрегін жаулау ер азаматқа оңайға соқпаған. Алайда, өзіне сенімді Саят Салман үш кездесуден соң сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сабина Алтынбекова күйеуімен қалай танысқаны және арақатынастары қалай өрбігенін өзінің Instagram парақшасында баяндады. Волейболшы ару алғаш рет жеке өмірі жайлы тың мәліметтерді бөлісті.

Белгілі болғандай, қос ғашықтың таныстығы әлеуметтік желіден бастау алған. Әдетте, өзіне Instagram-ға келетін хабарламаларды ашпайтын Сабина сол күні жолдасының жазғанына жауап береді.

Олар өзара хат алмасып жүргенімен, бірден кездеспеген. Сабина Алтынбекова түрлі сылтауларды айтып, жүздесуді шегеріп келген. Ақыр-соңында ғашықтар желідені таныстықтан кейін алты айдан өткенде барып бір-ақ кездескен.

"Ол маған тіпті амандаспай-ақ бірден "жігітің бар ма?" деп жазып жіберіпті. Көп ойланбай мен де оған өзі сияқты жауап беруді жөн көрдім. "Ал сіз үйленгенсіз ба?" дедім мен. Оның парақшасы жабық болды. Бірақ, маған оның түрі қандай екеніне бәрібір еді. Ол отбасылы емес екенін айтқан соң, мен оған "ажырасқансыз ба? сотталғансыз ба?" деп жазып жібердім. Сотталғаны жайлы сұрағым қалжың еді", - деп бастады ол.

Мамырда орын алған таныстықтан кейін олар тек қазан айында кездесе алған. Сабинаның айтуынша, сүйіктісі оның көңілін табуға барынша тырысқан.

"Ол маған ұзақ уақыт жазып жүрді. Байланысты үзбедік. 18 қазан күні Саят мені түскі асқа шақырады. Алайда, мен кездесуден бас тарттым. Келесі аптада босайтынымды айтамын. Бірнеше күннен соң, Саят тағы да жазып, маған жақсы күн тіледі. Ертесіне үйде ішім пысып отырып, көп ойланбай оған жаздым. Қайда және қаншада кездесетінімізді шешіп алдық.

Ал 25 қазан күні мен көңіл-күйім жақсы болып, кездесуге бармаймын деп ойлаймын. Мен жайлы жаман ойлап қалмаңыздар. Мен негізі өзім кездесулер мен мерекелік шаралардан алыспын. Саят қайырлы таң тілеп, кездесу жайлы еске салды. Мен кездесуді екі сағатқа шегердім. Нәтижесінде, барамын деп шештім. Біздің хикаямыз осылай басталған болатын. Біз үш -ақ мәрте кездестік. Үш кездесуден соң Саят маған ұсыныс жасады", - деді Сабина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946141-us-kezdesuden-keiin-usynys-zasady-sabina-altynbekova-algas-ret-kuieuimen-qalai-tanysqanyn-aitty/

pixel