Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббаттан басым айналып жүрген кез": Дастан Оразбеков әйеліне арнап ән шығарды

Опубликовано:

Дастан Оразбеков отбасымен
Фото: Instagram/dastanello

Отандық танымал әнші Дастан Оразбеков жанкүйерлеріне жаңа туынды ұсынды. Өнер иесі "Тамшылар" атты әнін шығарып, оны сүйікті жарына арнаған. Ол махаббаттан басы айналып, жұбайына ғашық болған алғашқы жылдары туралы сыр шертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дастан Оразбеков жаңа әнін жарыққа шығарғанын өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Эстрада жұлдызы бұл туындымен келіншегіне деген сезімін жеткізген.

"Достар, жаңадан шыққан "Тамшылар" әні шыны керек мен үшін өте ерекше. Бұл ән менің керемет жұбайыма — Жанатқа арнап жазған әнім. 2007 жыл, Мәскеу қаласы. Орда тобымен "Европа плюс" жүргізген хит-парадында "Не покидай" әнімен жеңімпаз болдық. 25 жастамын, махаббаттан басым айналып жүрген кезім. Ғашық әншіге шабыт керек емес деген рас екен. Жанатқа деген махаббатым, сағынышым осы әнімде толықтай көрсетілген. Көп ұзамай, сол 2007 жылы біз отбасы құрдық", - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946164-maxabbattan-basym-ainalyp-zurgen-kez-dastan-orazbekov-aieline-arnap-an-sygardy/

pixel