Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Досым жауға айналды": Ләйлә Сұлтанқызы буллингтің құрбаны болғанын ашық айтты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy/

Отандық тележұлдыз Ләйлә Сұлтанқызы бұдан бірер жыл бұрын буллингті бастан кешіргенін айтты. Тележүргізуші қоғамдағы өзіне деген жағымсыз көзқарас жақындарына ауыр тигеніне қынжылады. Бұл туралы ол журналист Гүлнар Бажкеноваға берген сұхбатында сыр шертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы сұхбат барысында өнерде жүрген әріптестерімен соттасқан күнді еске алды. Бұл оқиға оның ғана емес, анасының да жанына батыпты.

"Бейтаныс адамдардың мені жек көріп кеткенінен жаным ауырмады. Бірақ жақындарымның көңілін қалдырғаным жүректі ауыртты. Анам көбірек зардап шекті. Ағам былтыр қайтыс болды. Дінге берік адам еді. Ол ешнәрсе демеді", - дейді ол.

Ләйлә Сұлтанқызы өзін интернет кеңістігінде сөзбен сынағандарды не үшін сотқа бергенін түсіндірді. Айтуынша, оның аналық беделіне нұқсан келтіріп, жеке басына тиіскені ауыр тиген.

"Мен ешкіммен соттаспайтын едім. Бірақ бір сөз жаныма ерекше батты. Олар мені нашар ана деп айта бастады. Аналық махаббатымды бағалап жатқандары, "бұл қандай ана" дегендері ауыр тиді. Кезінде менімен шай ішкен, әңгімелес болған жандар осылай сөз таратқан", - деп еске алды ол.

Ләйлә Сұлтанқызының пікірінше, ол буллингтің құрбаны болды.

"Қазір мен буллингтің құрбаны болғанымды ашық айтамын. Ол кезде не істерімді білмей қалдым. Бәрі менен теріс айналғандай болды. Инстаграмымда шағымданушылар саны миллионға таяды. Коммуникация құралдарын білмедім. Заңгерлермен ғана кеңестім. Біздің елде сот процесі тым күрделі өтеді", - деді ол.

Еске салсақ, бұдан үш жыл бұрын тележұлдыз Ләйлә Сұлтанқызы мен жайдарманшы Нұрболхан Шарапов арасында кикілжің туындап, танымал тұлғалар соттасуға дейін барған болатын.

Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін отандық бағдарламада көтерілген тақырыптардың бірі жайдарманшының шамына тиіп, ол бағдарламаны қатаң сынға алған болатын. Алайда бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболханның бұл сынын орынсыз санап, оны жеке басыма тіл тигізді деп айыптап, сотқа берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946332-dosym-zauga-ainaldy-laila-sultanqyzy-bullingtin-qurbany-bolganyn-asyq-aitty/

pixel