Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүкті ме": Желідегілер Жұлдыз Өмірғалидің аяғы ауыр деп болжады (фото)

Опубликовано:

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали
Фото: Instagram/aikyn

Отандық танымал әнші Айқын Төлепбергеннің жұбайы Жұлдыз Өмірғалимен түскен суреті желіде қызу талқыға түсті. Оқырмандар ерлі-зайыптының жақында тағы да сәбилі деп болжап жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген бұл фотоны Instagram парақшасында бөлісті. Суретте Жұлдыз Өмірғали жолдасының қасында ұлттық киімде тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары бірден ерлі-зайыптының жаңа суретін қызу талқылап, оларға қатысты пікірлерін жаудырды. Қалың көпшілік Жұлдыз Өмірғалидің аяғы ауыр екенін жарыса болжады.

"Аяғы ауыр сияқты ма? Әлде көйлектің желбірі ме?", "Жарасымды жұп. Бақытты болыңдар. Ғұмырлы болыңдар", "Жұлдыз жүкті секілді ғой", "Жақында үшінші баласын босанатын сияқты. Бақытты болыңдар", "Талай қиындықты бірге еңсердіңдер. Енді бақыттан бастарың айналсын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946347-zukti-me-zelidegiler-zuldyz-omirgalidin-ayagy-auyr-dep-bolzady-foto/

pixel