Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамды құртқың келсе мақтай бер": Дариға Бадықова желіде азулы жазба жариялады

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Фото: Instagram/dariga_badykova

Отандық танымал актриса Дариға Бадықова желіде азулы жазба жариялап, ел мен тілге қатысты өз ойымен бөлісті. Өнер иесі халықтың үнемі мемлекетті кінәлайтынына күйініп, оларға өзгерісті өздерінен бастауға кеңес берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова аталмыш жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Киножұлдыз "қандай ел -сондай мемлекет, сондай басшы" деген қағиданы ұстанады екен.

"Көкіректі оятып, көзді аштым деп ойлайды, дана болғысы келеді, әттең, құрғыр әу бастағы тәрбиесі дұрыс емес. Біреу тұшымды ой, көрген-білгенін, түйгенін айтса, "бізге жетіп алсын, біздей кемеңгер ел жоқ, біздікіндей тіл жоқ" дейміз. Басқа елдің  тарихы мен тілі жоқтай. Өзімізді өзіміз мақтап өтіп кеткен, өтіп жатқан уақыт-ай. Адамды құртқың келсе мақтай бер дейді. Дамыған ел қатарына қосылғың келеді, бірақ сана жетпейді☝️ Сол баяғы "алдымен бізге жетіп алсын" деген құрғақ сөз. Сөйте тұра басқаға кінә артуға дайын тұратынымыз ше? Біреуден тағдырымызды көреміз, біреуден ақшаның жетпеуін көреміз, кедейлігімізді көреміз. Айналып келіп бәріне мемлекетті кінәлаймыз. Қандай "ел" - сондай мемлекет, сондай басшы. Біреуден көріп, біреуден күтіп отыра бергенше өзіңнен басташы", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946592-adamdy-qurtqyn-kelse-maqtai-ber-dariga-badyqova-zelide-azuly-zazba-zariyalady/

pixel