"Жазылып кетуі үшін дұға етіңіздерші": Белгілі ресейлік актердің ұлы ауыр халде ауруханаға түсті
Опубликовано:

Танымал ресейлік кино және театр актері Максим Дрозд көпшіліктен ауруханада жатқан ұлы үшін дұға етуді сұрады, деп хабарлайды Mk.ru.
"Ұлым ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Оның жазылып кетуі үшін дұға етіңіздерші", - деп жазды актер өз Instagram парақшасында.
Максим болған оқиғаның мән-жайын айтпады.
Десе де, басылым 20 жастағы Егор Дроздың ауруханаға не себепті түскенін анықтаған.
Басылым дерегіне сүйенсек, сенбі күні кешке Мәскеудің батысында Егор Дроздың қатысуымен төбелес болған.
Алдын-ала ақпарат бойынша, жанжалға қатысушылар мас күйде болған. Сонда Егор басынан ауыр соққы алып, есінен танып қалған. Ол Кутузовский даңғылындағы пәтерден Боткин атындағы ауруханаға жеткізілген.
Егор - Максим Дрозд бен жүзуші Анастасия Бровкинаның ұлы.
Актердің өзі көрерменге "Гражданин начальник", "Штрафбат", "Охота на пиранью", "Ликвидация", "День Д" фильмдері арқылы таныс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946641-zazylyp-ketui-usin-duga-etinizdersi-belgili-reseilik-akterdin-uly-auyr-xalde-auruxanaga-tusti/