"Жүрегімнің иесі қарсы": Меруерт Түсіпбаева пластикалық отаға қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/ meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева пластикалық отаға қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі операциялардың көмегіне жүгініп көрмеген екен. Оның үстіне, бет-әлпетін өзгертуіне сүйіктісі қарсы болып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Меруерт Түсіпбаева пластикалық отаға деген көзқарасын Instagram парақшасында жеткізді. Ол өзінің жас көрінуінің сыры табиғаттан берілген сый деп есептейді.

Алайда, әнші болашақта пластикалық операция жасатуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Әзірге оған ғашығы түбегейлі қарсы екен. Ол тіпті актриса отаға жүгінсе, оны тастап кететінін айтқан.

"Екі апта бұрын, бет әрлеушіммен түскен фотомды жариялаған болатынмын. Соған барлығы менің өзгеріп, жасарып кеткенімді жазыпты. Шын мәнінде, әлі пластикалық ота жасатпадым. Бәлкім жасатармын, оны уақыт көрсетеді. Ринопластика жасап, мұрнымды өзгертейін десем, менің жүрегімнің иесі қарсы. Тастап кетемін дейді. Бүгін, Астанаға жолға шығар алдында, тағы да визаж жасатып, дәстүр бойынша бір фото салып отырмын. Әлемді мейірімділік сақтап қалады", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946676-zuregimnin-iesi-qarsy-meruert-tusipbaeva-plastikalyq-otaga-qatysty-oiyn-aitty/