Мемлекет басшысы Нұрлан Қоянбаевқа медаль табыс етті

Опубликовано:

Актер
Фото: Нұрлан Қоянбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасы

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев "Шапағат" медалінің иегерлерін марапаттады. Олардың қатарында Нұрлан Қоянбаев бар, деп хабарлайды Қазақпарат.

"Қостанай облысы "Қасарас" медициналық орталығының бас дәрігері Гүлмира Сейдеғалиева "Шапағат" медалімен марапатталды. Басқа да көптеген азаматтарымыз жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды", - деді мемлекет басшысы наградалар иегерлерін марапаттау рәсімінде.

Сонымен қатар, Ақордадағы марапаттау рәсімінде Балқаш аудандық орталық ауруханасының хирург-дәрігері Ілияс Қалиев, блогер Денис Кривошеев және "Қазтелепродукт" студиясының бас продюсері Нұрлан Қоянбаев "Шапағат" медалін алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946687-memleket-bassysy-nurlan-qoyanbaevqa-medal-tabys-etti/