Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аузымды алты жерден тікті": Рымбаеваның келіні таудан құлап, жарақат алған кезін еске алды

Опубликовано:

Ақерке Бүркітбай
Фото: Instagram/akerkeburkitbay

Отандық танымал әнші әрі Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай басынан өткен ауыр оқиғаны баяндады. Өнер иесі тау спортымен шұғылдана бастап, жаны аман қалған. Ол сноубордтан құлап, ернін қатты жырып алған, деп жазады Express Қазақстан.

Белгілі болғандай, оқиға осыдан екі жыл бұрын орын алған.

"Бұрын достарымызбен жаяу тауға жиі шығатынбыз. Әр жексенбі сайын таңғы 5.30-да тұрып, Медеуден Шымбұлаққа дейін жаяу жүретінбіз. Таңғы асты тауда ішетінбіз", деді Ақерке Бүркітбай.

Шоу-бизнес жұлдызы спорттың бұл түрін қатты ұнатып қалған. Қолы қалт етсе, күн-түнге қарамастан, тауға шығуды әдетке айналдырыпты. Хоббиін енді тапқан кезде өнер иесі оңбай құлаған.

"Бетпен құладым. Аузымның іші жыртылып, оны алты жерден тікті", - дейді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Ақерке Бүркітбайдың желідегі видеосы қатты қызу талқыланған болатын. Оқырмандар Әли Оқаповтың жарының аяғы ауыр деп болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946802-auzymdy-alty-zerden-tikti-rymbaevanyn-kelini-basynan-otken-zagdaidy-aitty/

pixel