Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"500 мың теңгеге барады-ау": Мұқасан Шахзадаев ең қымбат көзілдірігі қанша теңге тұратынын айтты

Опубликовано:

Мұқасан Шахзадаев
Мұқасан Шахзадаев. Фото: instagram.com/sh.mukassan

"Алматы" телеарнасының Таңғы STUDIO бағдарламасына қонаққа келген Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мұқасан Шахзадаев ең қымбат көзілдірігі қанша теңге тұратынын айтты.

Мұқасан Шахзадаев адамдар көзілдірікті көбінесе сән үшін, бетіндегі қандай да бір тыртықты жасыру үшін тағатынын атап өтті.

Осы ретте ол жүргізушінің "Қанша көзілдірігіңіз бар?" деген сауалына жауап берді.

"Қазір үйде жеті-сегіз көзілдірік бар шығар. Ең қымбат көзілдірігім 500 мың теңгеге барады-ау деймін. Осыдан 10-15 жыл бұрын көзімдегідей көзілдірікті 185 мың теңгеге алғанмын. Сөйтіп ауылда бір концерт болып жатты. Сол кезде қасымда еріп жүрген бір кішкентай бала "Аға, мына көзілдірігіңізді маған естелікке тастап кетіңізші" деді.

Бірақ берген жоқпын. Себебі, берген күнде де ол бала мұның қадірін білмейтін еді. Содан соң мен оған "Інім, мен мынаны бере алмаймын. Бірақ мен саған қай жерден болса да сатып алып беремін" дедім. Осылайша, оған басқа көзілдірік алып бердім", - деп ағынан жарылды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946952-500-myn-tengege-barady-au-muqasan-saxzadaev-en-qymbat-kozildirigi-qansa-tenge-turatynyn-aitty-video/

pixel