Роза Бағланованың 100 жылдығына орай Алматыда «Бұлбұл» телехикаясының тұсаукесері өтті

Опубликовано:

Бұлбұл
Фото: "Хабар" телеарнасы

Қазақтың бұлбұлы атанған әншінің өнегелі өмірі туралы баяндайтын көркем туынды «Хабар» Агенттігінің тапсырысы бойынша түсірілді.

8 бөлімнен тұратын телехикая бірегей тұлға, қазақтың опера әншісі Роза Бағланованың өмірінің қилы кезеңдерін сипаттайды. Кинотуынды үш елде – Қазақстан, Өзбекстан және Беларусьте түсірілді. Шығармада Роза Бағланованың Қызылорда облысында өткізген қиын балалық шағы, Ташкент тоқыма институтында оқыған кезі, сондай-ақ филармония директорын кездестірген кездері көрініс тапқан.

Роза Бағланованың рөлін үш актриса сомдады. Әншінің 18-50 жас аралығындағы кезін Зарина Жәкенова ойнады. Ұлы опера әншісінің өзіндік ерекшеліктерін зерттеуге көп уақыт кетті. Актриса ол туралы барлық кітаптарды оқып, барлық мұрағаттағы фотосуреттер мен видеоларды қарап шықты. Зарина соғыс уақытының атмосферасын жеткізу қиын болғанын мойындады. Ол экранда ұлы әншінің өмірінің маңызды сәттерін көрерменге жеткізуге барын салды.

Бұлбұл
Фото: "Хабар" телеарнасы
«Бұл барша халық білетін образ болғандықтан қиын болған шығар. Яғни, әншінің белгілі бір сипаты,өзіне ғана тән ерекшелітері бар. Әншінің дәл өзі сияқты образ жасау керек болды. Бірақ пародияға жол алдыртпау қажет болды», - деді актриса Зарина Жәкенова.

Телехикая опера әншісінің жеке өмірі туралы да сыр шертеді. Роза Бағланова екі рет тұрмыс құрған, бірақ, екеуінде де отбасын сақтай алмады. Әншінің өзі мойындағандай:

«Мен жанкүйерлеріме қатал, күйеулеріме адал болдым. Бірақ сахна үшін мен мәңгілік адал болып қаламын».

Телехикаяның алғашқы көрсетілімі Роза Бағланованы еске алу кешіне айналды. Кешке жиналған әншінің туыстары мен жақындары Кеңес Одағының мәдениет қайраткерлері «кішкентай қазақ қызы» деп атап кеткен әнші туралы естеліктерімен бөлісті.

Бұлбұл
Фото: "Хабар" телеарнасы
«Мен Роза Бағлановамен бірге 15 жыл жұмыс істедім. Мен оның конферансьесі болдым. Есімде, Будапештте жастар арасында Дүниежүзілік фестиваль өтті. Роза Бағланова бірінші орынға ие болды. Осыдан оның өнердегі жолы басталды. Оны бәрі танитын болды. Ол бірегей тұлға еді», - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлшара Есетова.
«Ол біртума әнші еді. Мұндай адамдар жүз жылда бір рет туылады дейді. Ол өмірде көп нәрсені көруге мәжбүр болды. Оның өмірлік тәжірибесі көптеген адамдарға үлгі», - деп еске алады анасын Тәжен Бағланов.

Роза Бағланованың сахнадағы жарқын өмірінен басқа, қоғамдық-саяси қайраткер ретіндегі рөлі де ерекше болды. Ол Арал теңізі мен Семей полигонының проблемалары туралы да сөз қозғады.

«2021 жылдың қаңтар айында Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Бағланованың жүз жылдығына орай аңызға айналған әншінің есімін мәңгі есте қалдыру туралы Жарлықты жариялады. "Хабар" Агенттігі осы фильм арқылы бұл бастамаға өз үлесін қосты деп ойлаймын. "Бұлбұл" телехикаясы Қазақстан Республикасының алтын кинофондының тізіміне алынатын болады  деген сенімдемін», - деді "Хабар" арнасының директоры Динара Бисембина.

Тарихи драма мереке күндері - 18 және 19 желтоқсанда сағат 12:00-де «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1946998-roza-baglanovanyn-100-zyldygyna-orai-almatyda-bulbul-telexikayasynyn-tusaukeseri-otti/

jitsu gif