Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жекпе-жек алдында көз атысқан Нұрболат Абдуллин мен Төреғалидің видеосы қызу талқылануда (видео)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі, Қуандық Рахым, Әбдіжаппар Әлқожа мен Нұрболат Абдуллин
Фото: Instagram/toregalitoreali

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары Төреғали Төреәлі мен Нұрболат Абдуллин шығармашылықты қойып, спортта бағын сынап көрмек. Қос әнші алдағы уақытта "Өнер барысы" жобасында кім мықты екенін анықтайтын болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы әртістердің тарап кеткен видеосынан белгілі болды. Бейнежазбада қос әнші жекпе-жек алдында көз атыстырған.

Желі қолданушылары өнердегі достардың өзара бақ сынасатынына қатты таңғалған. Олар бұл кездесуде кімнің жеңуі мүмкін екенін болжап, қызу пікірталас ұйымдастырды.

Жанкүйерлердің бірі Төреғалиге дауыс берсе, екіншілері Абдуллинге көбірек сенім артатынын айтты.

"Қызықты жекпе-жек болайын деп тұр", "Достардың бір-біріне қарсы келгені қызық екен. Не болса да мықты жеңсін", "Меніңше, Төреш жеңіп қояды", "Нұрболат спортқа жақын адам. Сол себепті оның жеңісінде күмәнім жоқ", - деп жазуда халық.

Әзірге олардың қашан күресетіндері белгісіз. Жекпе-жек жайлы қос тарап та әлі нақты ақпарат берген жоқ.

Айта кетерлігі, аталмыш видеода Төреғали мен Нұрболаттан бөлек, Тәуекел Мүсілім, Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген, Балғынбек Имашпен Арман Қоңырбаев та бой көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947079-zekpe-zek-aldynda-koz-atystyrgan-nurbolat-abdullin-men-toregalidin-videosy-qyzu-talqylanuda-video/

pixel