Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ставка қойдым, карта ойнадым": Танымал қазақ актерінің ұлы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Әбілмансұр Серіков
Әбілмансұр Серіков. Кадр: YouTube/Aman Tasygan Live

Танымал қазақ актері Әбунасыр Серіковтың ұлы Әбілмансұр Серіков өзінің шығармашылығы, әкесімен қарым-қатынасы, кинодағы рөлдері мен қызық үшін құмар ойындар ойнағаны туралы айтып берді. Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында ол әкесінің өзіне алғаш рет риза болып, көзіне жас алған сәтін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әбілмансұр Серіков болашағынан үміт күттіретін жас актерлердің қатарында. Бүгінде ол жастар арасында танымал бірқатар кинотуындыда бой көрсетіп, елдің ыстық ықыласына бөленуде. Әсіресе, "5:32" деген ерекше атаумен жарық көрген картинада Әбілмансұр басты рөлдердің бірін сомдап, өзін екінші бір қырынан танытуда.

Әбілмансұрдың айтуынша, оның әкесі қазақ көрерменіне танымал актер болғанымен, ешуақытта жол сілтеп, мансабына араласып көрмеген. Алайда ұлының бойындағы актерлік қасиетін алғаш рет "Балалық шағымның аспаны" деп аталатын туындыдағы рөлінен кейін мойындап, көзіне жас алыпты. Бұл сәтті Әбілмансұр ерекше толқыныспен еске алады.

"Шығармашылық жағынан ол кісі араласпады. Рөлге байланысты ақылдасу жоқ. "Балалық шағымның аспанының" премьерасы болатын болды. Әкеммен қарым-қатынасым қатты жақын болған жоқ. Енді әке ретінде тәрбие береді, ақылын айтады, бірақ ондай бір махаббатымызды көрсетіп деген жоқ еді. Білдірмейтін едік. Ол да батпайды, мен де батпаймын. Премьераға шақырту берді. Мамам "әкең барам деді", - дейді. Мен біртүрлі таңғалып қалдым. Лимузиннен түсіп, қызыл жолақпен келе жатсам, қол бұлғап тұр екен. Ондай сезім өмірімді бірінші рет болып тұр, маған қызық болды. Сөйтіп қасыма отырды, одан кейін Асанәлі аға отыр. Әкем, байқасам, тақымын қысып отыр. Менің сахналарым басталған кезде, әкеме қарасам, әкем жылап отыр. Қуаныш бар, қобалжу бар - барлығы әсер еткен ғой. Cөйтіп, мен де жылап алдым байқатпай. Әкем сол кезде бірінші рет қолымды алды", - деп еске алды ол.

Сұхбат барысында актер кей рөлдерді дұрыс сомдап шығу үшін, оған кейіпкерлердің күйін сезіну қажет екенін айтады. Мәселен, құмар ойынның жетегінде кеткен кейіпкердің күйінішін жан-тәнімен түсіну үшін ол тіптен құмар ойынды өзі ойнап көрген.

"Игрок" туындысына түсерде маған азарт керек болды, көру керек болды. Өтірік айтпаймын ставка қойдым, карта ойнадым. Сезіну керек болды. Жеке өз басымда болған жоқ, таныстарым болды. Сол үшін де бұл азартты сезіну керек болды. Ашуланғанын көріп, ұтылып қалған адам қандай сезімде болатынын білгім келді. Ұтылып қалсаң жаман екен. Қайтарғың келіп тұрады екен. Әсіресе, көп ұтылсаң. Адам ұтылам деп емес, ұтам деп барады. Сөйтіп тағы ұтылады. Қарызданады, ақшасын жоғалтады. Қайта ойнайды, тағы ұтылады. Осылай адамды байлап тастайды екен ойынға. Мен өзім ұтылдым. 80 мың теңгемді ұттырдым. 50 мың қойдым, ұтылдым. Ішім ашыды. Қойып көрмеген адамға ол да қиын. Кеудең ашып, өкінеді екенсің, сөйтіп, қайта барасың", - деді жас актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947461-stavka-qoidym-karta-oinadym-tanymal-qazaq-akterinin-uly-zan-syryn-aqtardy/

pixel