Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әркім өз жайымен жүрсе екен": Қайрат Нұртастың әйелі жеке өмірі жайлы қауесеттерге жауап берді

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің жеке өміріне қатысты тарап жатқан түрлі қауесеттерге жауап берді. Ол жолдасы екеуінің ажырасып кеткені жайлы әңгімелерге пікір білдірді. Өнер иесі бұдан былай жеке әлеміне ешкімді кіргізбеуді жөн көрген, деп жазады Express Қазақстан.

Жұлдыз Әбдікәрімова халық алдына шыққан сәттен бері отбасылық өмірі қызу талқыланып кеткенін алға тартты. Соған байланысты актриса енді жеке өмірін барынша көрсетпеуге тырысатынын айтты.

"Бізде өнер мен өмірді барлығы шатастырып жатады. Әр адамның жеке өмірі — өзінің әлемі. Өздеріңіз білесіздер, мен 10 жылдай үйде отырдым. Бірақ ерігіп отырған жоқпын. Бала тәрбиесімен, аналық міндетімді орындау үшін отырдым. Қайрат екеуміздің шаңырақ көтергенімізге 15 жыл болды ма, міне, содан бері жеке өміріміз талқыланып келе жатыр. Ол үшін не істеу керек? Әрине, көпшіліктен қорғау керек.
Жеке әлеміме ешкімді кіргізбеу керек деп шештім. Мұрын сұғуына рұқсат бермейтін болдым. Қайраттың тыңдарманы болсын, менің оқырманым болсын, оны дұрыс қабылдай білу керек деп ойлаймын. Өйткені сіздің де, маған пікірлер жазып отырған оқырманның да өз өмірі бар. Менікі де тура солай. Менің өмірім, менің отбасым тек маған ғана қатысты.
Құдай сақтасын, әрине, бірақ ертең бір жағдай болып жатса, ешкім жауап бермейді ғой. О дүниеге барғанда да әркім өзі үшін жауап береді. Сондықтан әркім өз жайымен жүрсе екен деймін", - деді ол.

Актриса қалың көпшіліктің өнер мен өмірді шатастырып жататынына қынжылды.

"Өнер мен өмірді шатастырмаса деймін! Өнерді бағалады ма? Болды, демек өнеріне ғашық. Өнерге дұрыс көзқараспен қарасақ, сол кезде мәдениетіміз өседі. Ал өсек-аяң, қыстырма әңгіме бар жерде, мәдениетіміз өспейді", - деді Әбдікәрімова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947493-arkim-oz-zaiymen-zurse-eken-qairat-nurtastyn-aieli-zeke-omiri-zaily-qauesetterge-zauap-berdi/

pixel