Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еңбегіміздің жемісі": Қайрат Нұртас АҚШ-та бірнеше концерт өткізбек

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/kair_n

Тәуелсіздік күніне орай АҚШ-қа аттанған Қайрат Нұртас енді құрама штаттарындағы тыңдармандары үшін бірнеше концерт өткізбек. Күні кеше хитмен Филадельфия қаласындағы мейрамханалардың бірінде өнер көрсетсе, бүгін Чикагода, ал ертең Нью-Йоркте ән шырқамақ. Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, билеттер таусылуға шақ қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-қа арнайы барған Қайрат аяқ астынан концерт беремін деп шешкен. Оның продюсерінің сөзінше, виза алу бойынша қиындықтар орын алғандықтан, олар ән кешін алдын ала жоспарламаған. Бірақ, соған қарамастан билеттер бірнеше күннің ішінде сатылып кеткен.

"Бұл кешегі Филадельфиядағы кешіміз ғой. Алла бұйыртса бүгін Чикагода жалғасын тауып, әрі қарай 22-ші желтоқсан күні Нью-Йоркте өтпек. Құрметті оқырмандарым! Бұл Қайратымыздың жеке ән кештері ойламаған жерден, 4-5 күндік дайындық, хабарландырумен ғана өтіп жатқан жай бір сырласу кештері. Біріншіден визамыз дайын болмай, ұшу-ұшпауымыз екіталай болды, ұшар күні консулдық жабылуға 1 минут қалғанда сіздерге өтірік, маған шын паспортты әйтеуір алып үлгердік. 15-не ұшсақ, бұл концерт 18-і күні өтті. Үш күн өте аз.

Естеріңізде ме? Қайраттың алғашқы концерттерін Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Қытай елдірінің түкпір-түкпірі, ауыл-ауылдан осылай бастаған болатынмын, өз күшімізге ғана сеніп. Бірақ соның жемісі - үлкен, мыңдаған алаңдармен ұласып, Алматы және Астана аренасын 35 мың адамды лық толтырып, 3Д форматтағы KN жеке ән кешін алғаш болып өткізген едік. Алла бұйыртса АҚШ елінде де кішігірім концерттеріміз үлкен кештерге айналса деген аналық үмітімді Алла қабыл етсін!

16-на еліміздің туын Филадельфия қаласында көтеруге шақырту алған соң, ары қарай уақытымызды бос өткізбей, АҚШ елінде де бір дүйім жұрт бар, олар Қайраттың кешін сұрап жатыр деген соң кішкентай қадаммен бастауды жөн көрдім. Бір жағы туған елге деген ыстық сағыныштарын сезіндік және қатты қуандыра алдық", - деп жазды Айдарбекова Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947734-enbegimizdin-zemisi-qairat-nurtas-aqs-ta-birnese-koncert-otkizbek/

pixel