Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екінші сәбиімді күтіп жүрмін": Жарқынай Ханайымның әрекеті елге жақпай қалды

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Отандық танымал әнші Жарқынай Ханайым қалың көпшілікке әзіл үшін түсірілген видеосын жариялап, оқырмандарын ашуландырып алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақында ғана жолдасымен айырылысып кеткенін хабарлаған актриса видео түсіріп, оған "екінші сәбиімді күтіп жүрмін" деп жазып қойған.

Қалың көпшілік өнер иесінің бейнежазбасына түрлі пікір білдірді. Бірі жас ананы құттықтап жатса, енді бірі оның қылығын сынап тастаған.

Қалың көпшілік Жарқынайдың видеосын ұят деп санайды.

"Сұхбаттарыңда тәрбиелі қыз көрінген едің, жақсы көріп қалған едім. Мынауың енді ерсі екен. Кіндікті ашпай да қарынды сипалауға болады  Қарапайым қалпыңнан таймашы, Жарқынай", "Ақша үшін ұят деген қалды ғой қазір", "Ұят, кіндігін көрсетіп сонша не болды, кімнен енді", "Олар ажыраспады ма?", "Ерсіленіп кеттіңіз соңғы кезде", "Бұл не? Әйел адам ішін ашып көрсетпейді. Көз бар, сөз бар, ұят екен", - деп жазуда халық.

Видео соңында оның жүкті емес екені белгілі болады. Шоу-бизнес жұлдызы бейнежазбаны әзіл ретінде түсірсе керек.

Айта кетерлігі, Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайымның қарым-қатынасы соңғы кезде қоғамда қызу талқыланып жатыр. Актриса күйеуімен шынымен айырылысып кеткенін растады. Бүгінде ерлі-зайыпты заңды түрде ажыраспаған сыңайлы. Алайда, бөлек тұрып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1947766-ekinsi-sabiimdi-kutip-zurmin-zarqynai-xanaiymnyn-zelidegi-areketi-elge-zaqpai-qaldy/

pixel